«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті.
7 ақпан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші өтті. Шараға Алға орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен таныстырып, кітап сөресіне шолу жасаса, Абылайхан Сезім, Секербек Раяна, Абылайхан Инабат, Қарауылбек Айаулым ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.




