“ Мен өмірге жырлау үшін келгенмін” атты оқу марафоны өтті.
7 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “ Мен өмірге жырлау үшін келгенмін” атты оқу марафоны өтті. Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп оқып берді. Кітапханашы оқушыларға М.Мақатаевтың шығармашылығын насихаттай отырып, кітаптарына шолу жасалынды.

