«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»жыр шашу кеші өтті.

7 ақпан күні Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, жыр шашу кеші өтті. Ақынмен көзі тірісінде екі рет жүздескен бөлімнің тұрақты оқырманы ардагер журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахметжан Қосақов ағай сөз кезегінде ақынның шығармашылығы жайлы мағлұмат берді. Мектеп оқушылары мен кітапханашылар ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Қазақ поэзиясының нарқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткен кеш тартымды өтті.