“Тілім менің мәртебелі, ардақты” атты дәріс өтті.
5 ақпан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен,Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің туылғанына 85 жыл толуына орай “Тілім менің мәртебелі, ардақты” атты дәріс өтті. Іс-шараға Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау оқырманды кітап оқуға шақыру. Оқырмандарға М.Мағауиннің кітаптарын таныстырып, шолу жасалынды.

