«Кітап-ұлттың рухани қазынасы» тақырыбында кітапханалық квест өтті.
3 ақпан күні «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында Қонаев ауылдық кітапханасында ауыл жастарын кітап оқуға баулу және де көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап-ұлттың рухани қазынасы» тақырыбында кітапханалық квест өтті.Іс шара барысында кітапханашы оқырмандарға білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бар, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы үшін кітапты көп оқуы керек екенін айтып өтіп, квест ойыны ойнатылды. Квест ойынының ережесіне сәйкес оқырмандарымыз түрлі сұрақтарға жауап беріп, әр дұрыс жауапқа тәттілер ұсынылды
