«Тұлпар тектес Тәкен» атты әдеби кеш өтті.
31 қаңтар күні Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел бір кітап акциясы» аясында ақын, жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығана арналған «Тұлпар тектес Тәкен» атты әдеби кеш өтті. Аталмыш шарада кітапханашы жазушының өнері мен өмір жолына тоқталып, бейне-слайдпен өмірбаянын таныстырды. Оқушылар ақынның «Әке мен бала», «Ана хаты», «Тағдыр толғауы» атты өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Тәкен Әлімқұловтың – өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беру, оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу аясын кеңейту және білімдерін толықтыру.


