“Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті” атты дөңгелек үстел өткізілді.
29 қаңтар күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында оқырмандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,қажетті құндылықтарды және дағдыларды дамыту мақсатында “Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті” атты дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары туралы жадынама таратылды.



