“Өнерде өшпес ізі бар” атты оқырман конференциясы өткізілді.

27 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері, поэзия әлемінің биік шындарын бағындырған, ақын, жазушы Жұбан Молдағалиевтың 105 жылдығына орай “Өнерде өшпес ізі бар” атты оқырман конференциясы өткізілді. Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, кітапханашы ақынның жастық шағы мен қиын кезеңдерің, Ұлы Отан соғысына қатысқан ұлы майдангер ақын туралы баяндама оқып, “ Мен қазақпын” атты атақты поэмасымен және қордағы әдебиеттерімен таныстарды.