Қазақ тарихының жаршысы» атты еске алу кешін өткізді.
22 қаңтар күні аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен белгілі қазақ жазушысы, тарихи роман жазушы Ілияс Есенберлинннің 110 жылдық мерейтойына орай «Қазақ тарихының жаршысы» атты еске алу кешін өткізді. Оқырмандар арасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты қазақ ұлтының ХV-XIX ғасырлардағы бостандық, егемендік үшін күресін көркем сипаттаған тарихи трилогиясы ерекше қызығушылық тудырды. Кештің басты мақсаты оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мағлұмат беру, шығармаларына оқушылар қызығушылық танытып, оны оқуларына ықпал ету.

