«Өлеңнің тау тұлғасы» атты портреттік алаң өткізілді.

20 қаңтар күні Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби орта мектеп оқушыларының қатысуымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына орай «Өлеңнің тау тұлғасы» атты портреттік алаң өткізілді.

Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолымен халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырларын таныстырып, жас оқырмандар ақынның «Өшіргіш пен қарындаш», «Бұлт», «Бұлт пен Қаңбақ» атты өлең жолдарын жатқа айтты. Мақсаты: Ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.