“Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
17 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен оқырмандарға “терроризм” мен “экстремизм” ұғымын түсіндіре отырып, себептері мен зардаптары туралы түсінік беру мақсатында “Діни экстремизм- бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы қазіргі кезде экстремистік топтардың ланкестік әркеттерінен аулақ болу, әрбір азамат діни сауатты болу керектігі жайлы баяндап, оқырмандар террористік актілердің алдын алу ға бағытталған іс-қимылдар ережесімен танысты.

