“Діннің қоғамдағы рөлі” атты дөңгелек үстелі өткізілді.
17 қаңтар күні Көктөбе ауылдық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен “Діннің қоғамдағы ролі” атты дөңгелек үстелі өткізілді. Іс шараға ауыл тұрғындары қатысты. Кітапханашы кіріспе сөзбен ашып, баяндама оқып, ауыл ақсақалдарына сөз кезегі берілді. Дін ағымдары ақ пен қараның жігін ажырата білу керектігін тілге тиек етіліп, шара барысында жалпы дін туралы толық ақпараттар айтылды. Кештің мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болу.

