«Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
16 қаңтар күні орталық кітапхананың Білім орталығында Дін проблемаларын зерттеу орталығы Шу ауданы бойынша бөлім инспекторы Бақтияр Нұрдаудеттің қатысуымен «Діни толеранттылық – бейбітшілік кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: оқырмандардың өмірде ислам дінінің алатын орны қандай екенін және діни сауаттылықтарының артуына ықпалы зор болуға тәрбиелеу. Шара барысында діни сауаттылық және діннің құрылымы жайлы рухани әңгіме айтылып, теріс ағымдардың қоғамға зияны турлы баяндады.




