“Жолдау ел ертеңінің бағдары” атты дөңгелек үстел өтті.
15 қаңтар күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерімен Жастар орталығының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған “Жолдау ел ертеңінің бағдары” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы Президенттің Жолдауы – ел дамуының ұзақ мерзімді жоспары баяндалған маңызды құжат екенін атап өтті. Бұдан әрі Жолдауды белсенді талқылау өтті, оның барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті және Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.

