«Қазақ әдебиетінің алыбы- Ілияс Есенберлин» атты әдеби вернисаж өтті.
10 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапханасында Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің алыбы- Ілияс Есенберлин» атты әдеби вернисаж өтті.Мақсаты: Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен таныстыру, ХV – ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру, теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру, ойлау ,жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.

