«Ұлт тілін ұлықтаған тарлан ақын» атты поэтикалық марафон өткізілді.

10 қаңтар күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Нағыз қазақ-қазақ емес,нағыз қазақ домбыра- деп,Тілің болса-күнің бар,тіл болмаса түгің жоқ – деп жырлаған Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі ақынның туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт тілін ұлықтаған тарлан ақын» атты поэтикалық марафон өткізілді.Іс-шарада кітапханашы Қадыр Ғинаятұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.Оқырмандар кітапхананың кітап қорындағы ақынның «Қазіргі қазақ поэзиясы» сериясы бойынша 2005 жылы Алматы қаласы, «Жазушы» баспасынан шыққан Таңдамалы 2 томдық шығармалар жинағынан өлеңдер оқыды.

Возможно, это изображение 14 человек и текст