«Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби портрет өтті.
9 қаңтар күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев атындағы орта мектебінің кітапханасында,10 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың біртуар тұлғасы, аса көрнекті және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО және шет ел ордендері мен медальдарының иегері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 113 жылдығына орай «Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби портрет өтті. Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Д.Қонаевтың еңбек жолы туралы айтып, оқырмандар біртуар тұлғаға арналған өлең шумақтарын арнады.Шара соңында оқырмандар «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты кітап көрмесімен танысты.



