«Қонаев-ғасыр адамы» тақырыбындағы сыр кеші өткізілді.
8 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері,үш мәрте Социалистік Еңбек Ері,техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Қонаев-ғасыр адамы» тақырыбындағы сыр кеші өткізілді.Кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілген іс–шара барысында кітапханашы халқының аяулы да ардақты перзенті болған Д.А.Қонаевтың өмір жолдарымен таныстырып, ұлы тұлғаның елі үшін атқарған тағылымды істері туралы, халқымыздың біртуар азаматы Қонаевтың есімі қаншама жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталуы тиіс екендігі туралы баяндап берді.

