«Қош келдің жаңа жыл» атты көңілді кеш өтті.
25 желтоқсан күні Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында «Қош келдің жаңа жыл» атты көңілді кеш өтті. Іс-шараның шымылдығын бастауыш сынып білім алушылары ашып, әсем әндер орындалып, би биленді. Ақшақар, Қарақшы, Сайқымазақтар, Жылан,Қошқар мен Теке т.б бүлдіршіндердің көңілін қуантатын кейіпкерлер ортада рөлдерді сомдады.
Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай етіп өткізу, достық қарым-қатынас орнату көзделді. Балалар Жаңа жыл, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып, хормен “Шырша”,”Жаңа жыл” әнін орындады.Сондай-ақ би билеп өте қызықты ойын түрлерін көрсетіп, өз өнерлерін паш еткен бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерінен сыйлық тәттілерін алып мерекелік жақсы көңіл күймен аяқталды


