“Желтоқсан жаңғырығы” атты тарихи сағат өткізілді.
13 желтоқсан күні 16 желтоқсан -ҚР Тәуелсіздік күніне орай Бірлік ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Желтоқсан жаңғырығы” атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызды мәліметтер мен деректерге тоқталып, оқырмандарға кеңінен түсіндіріп өтті. Қатысқан оқырмандар өлең жолдарын оқып, сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: оқырмандарға Тәуелсіздік туралы түсінік беру, егеменді еліміздің толағай табыстарын паш ету, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, діні мен тілін сүйе білуге үйрету болып табылады.

