«Тәуелсіздіктің шуақты таңы» атты тарих сағаты өтті.
13 желтоқсан күні 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде «Тәуелсіздіктің шуақты таңы» атты тарих сағаты өтті. Іс-шарада оқырмандар «Желтоқсан оқиғасы» «Тәуелсіз Қазақстанымыздың жетістіктері», «Ұлттық мерекелер», «Ұлы есімдер» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беріп, кітапханамыздың кітап қорындағы «Тәуелсіздік толғауы» сериясы бойынша шыққан кітаптармен таныс болды.




