“Ұлы дала ұрпақтарынан жеткен Тәуелсіздік” атты әдеби кеш өткізілді.
13 желтоқсан күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай “Ұлы дала ұрпақтарынан жеткен Тәуелсіздік” атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұлы күнге жету жолында халқымыз қаншама қиындықтарды бастан кешіргенін айтып, Тәуелсіздікке арналған кітап сөресімен таныстырып, Д.Дүйсеналы “Тәуелсіздік” атты өлеңін тарту етті.

