«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағаты өткізілді.
12 желтоқсан күні Көктөбе ауылдық кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлері бірлесе 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ақпараттық сағаты өткізілді. Шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Іс шара барысында кітапханашы қазақ халқының тарихында болған желтоқсан оқиғасынан, тәуелсіз мемлекетіміздің егемендік алғаннан бері маңызды кезеңдерінен, еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызды мәліметтер мен деректерге тоқталып, оқырмандарға кеңінен түсіндіріп өтті. Сонында бейнеслайд көрсетіліп, әдебиеттерге шолу жасады.

