“Қазақстан жетістіктері-Тәуелсіздік арқасы” атты кітап көрмесімен таныстырды.
11 желтоқсан күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Тәуелсіздік- азаттығым бақ құсым” атты мультимедиялық шежіре Қ. Сәтпаев мектебінің 4 сынып оқушылары арасында өтті. Шара барысында кітапханашы еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстары мен өткен күнгі тарихи жылнамасы жайлы видеоролик көрсетіп, қысқаша баяндама оқыды. Оқушылар отан, туған жер жайлы өлеңдерін оқып, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтел айтып жарысты. Шара соңында кітапханашы “Қазақстан жетістіктері-Тәуелсіздік арқасы” атты кітап көрмесімен таныстырды.

