«Сырға толы нұрлы бейне» атты ақпараттық сағаты өтті.
10 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың бұлбұлы, опера әншісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына орай «Сырға толы нұрлы бейне» атты ақпараттық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы балаларға аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі Бибігүл Төлегенованың өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген қызықты жайттарды айтып берді.

