“Елімнің еркесі- Фариза Оңғарсынова” атты сыр кеші өткізілді.
5 желтоқсан күні Абай ауылдық кітапханасында поэзия падишасына айналған, өлең өлкесіне өзіндік өрнек пен өзгешелік алып келген, халық махаббатының айдынында жүзген, бүкілхалықтық шығармашылық тұлғаға айналған қазақтың көрнекті ақын қызы Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай өткізілген “Елімнің еркесі- Фариза Оңғарсынова” атты сыр кеші өткізілді. Іс-шара барысында өмірбаянымен, шығармашылығы туралы баяндама оқыды.

