«Сын мен сынақтан жаралған ерекше жан» атты поэзия сағаты өтті.

5 желтоқсан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың халық ақыны, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай «Сын мен сынақтан жаралған ерекше жан» атты поэзия сағаты өтті. Шара барысында киелі поэзия әлемінде өзіндік үні, өзіндік сыры, өзіндік бояуы мен ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырымен тербеген, есімі халыққа кең танымал дарынды қазақ қызының өмірі мен шығармалары таныстырылып, өлеңдерін нақышына келтіре оқыған оқушылар өздері үшін ipілігі мен парасаттылығы, поэзиядағы орны, өлеңдерінің құндылығы уақыт өткен сайын айкындала түсетін ақынның поэзия әлемінің көптеген парақтарын ашты.

Возможно, это изображение 22 человека и люди учатся