«Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» атты отбасылық байқау өтті.

28 қараша күні орталық кітапхананың білім орталығында қоғамның негізі болып табылатын отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілген

«Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» атты отбасылық байқау өтті. Байқауға Балыбаевтар, Тоқтарбаевтар отбасы қатысты. Байқау алты кезеңнен тұрды.

І-кезең: «Тегін білу тектілік»

ІІ-кезең: «Өнерлінің өрісі кең»

ІІІ-кезең: «Салтыңды сақта,дәстүріңді дәріпте»

ІV-кезең: «Отбасы шығармашылығы»

V-кезең: «Ұғымпаз бала, болар дана»

VІ-кезең: «Әуенді жұмбақ»

Сайыс шарттарына тиянақты, нақты дайындалып келген отбасылар барлық бөлімнен сүрінбей өтті. Ең өзекті кезең «Отбасы шығармашылығы» бөлімінде Тоқтарбаевтар отбасы М.Бесбаевтың «Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?» өлеңін домбырамен шырқап көрермендерді тәнті етті. Бірінен-бірі өткен өнерлі, талантты, шығармашыл отбасылардың арасынан суырылып, оза шапқан Балыбаевтар отбасы жүлделі 1-ші орынды жеңіп алса, Тоқтарбаевтар отбасы 2-ші орынды иеленді. Әділқазылар әділ бағасын беріп, бағалы сыйлықтарын табыстады.