«Жазумен өрілген өмір» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.

27 қараша күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен С. Естемесов орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында өлкемізден шыққан ақын, жазушы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Үміт Битенованың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жазумен өрілген өмір» тақырыбында өмірбаяндық шолу өткізілді.Іс-шара барысында ақынның өміржолымен, шығармаларын таныстырылып, кітапхана қорындағы «Балабақшадан басталған…», «Шын ғашықтар қосылмайды», «Ауады да тұрады аңсарым» атты кітаптарына шолу жасап, жазушының кітаптарын оқуға шақырды.

Возможно, это изображение 26 человек, люди занимаются боевыми искусствами и текст