“Жастық шақ жырлары” атты әдеби вернисаж өткізілді.
21 қараша күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен “Ел болып оқимыз” жобамы аясында ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенованың “Жастық шақ жырлары” атты әдеби вернисаж өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаянына шолу жасалып, автобиографиялық шығармашылық “Балабақшадан басталған” атты кітаптың авторын таныстырып өткізілді.Тұрақты оқырманымыз А.Ақсақал ақынның кітабынан үзінді оқып берді.

