«Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты дәріс өтті.
15 қараша күні Сауытбек ауылдық кітапханасында 15 қараша-ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты дәріс өтті. Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

