«Абыройы асқақ, беделі биік Әйтеке» тақырыбында әдеби кеш өткізді.

23 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің Т.Рысқұлов орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлының 380 жылдық мерейтойына орай «Абыройы асқақ, беделі биік Әйтеке» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Аталмыш шарада тарихи тұлға жайында мағлұматтар айтылып, ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік өнер хақында жас оқырмандарымызға ақпарат берілді. Оқушылар от ауызды, орақ тілді би бабамыз Әйтеке бидің өнегелі өмірі мен асыл сөздері жайында баяндады.

Возможно, это изображение 23 человека, люди учатся и текст