«Балалар атасы» тақырыбында әдеби сағат өтті.
9 қазан күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында балалар әдебиетінің жазушысы Әлдихан Қалдыбаевқа «Балалар атасы» тақырыбында әдеби сағат өтті. Шара барысында кітапханашы журналистика саласына өлшеусіз еңбек сіңірген жазушының шығармашылығына тоқталып, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының дамуына зор үлес қосқаны, көзі тірісінде оқырмандар сүйіспеншілігіне, жұртшылықтың құрметіне бөленгені туралы айтты.

