«Күнге ғашық өлкеде» атты кітабының мазмұнын түсіндіріп өтті.
7 қазан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан Жастар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жасқа толуына орай «Туған жердің ділмары, жырдан шашу шашады» атты тарихи круиз өткізді. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармалары таныстырылып, қаламгердің шығармалырын қысқаша баяндады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрлытаң К. Жазушының «Күнге ғашық өлкеде» атты кітабының мазмұнын түсіндіріп өтті. Шара соңында кітапханашы «Хауа ананың көз жасы», «Сайқымазақ дүние», «Жаралы жапырақтар» т.б. кітаптарына шолу жасады.

