«Жаңашылдық -компьютер – қазіргі заман талабы» атты тич-ин өтті.
4 қазан күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жаңашылдық -компьютер – қазіргі заман талабы» атты тич-ин өтті. Мақсаты жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті ақпаратты технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге электрондық оқулықтарды интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерді қолдану. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға «Қазақ телевизиясы», «Адам және робот» атты кітаптарына шолу жасалынды.

