«Қарты бардың қазынасы бар» атты кездесу кеші өтті.

27 қыркүйек күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 қазан-Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бардың қазынасы бар» атты кездесу кеші өтті. Шара барысында ата текті ардақтап, әдет- ғұрпын, салт-дәстүрін дәріптей білген зейнеткер қарияларымыз Қойшыбеков Жылқыбай, Бердиев Нұрлыхан, Мәкен Уақтегі қатысып жастарға баға жетпес ақылдарын, үлгі өнеге боларлықтай әңгімелерін айтып, баталарын берді. Іс шарада кітапханамыздың тұрақты оқырмандары «Қарттар күні шуақты», «Ардақтайық қарттарды» өлеңдерін оқып беріп, өз құрметтерін білдірді.

Возможно, это изображение 28 человек и текст