«Жошы ұлысының рухни-әдеби мұрасы» атты тарихи сағаты өтті.
25 қыркүйек күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Жошы ұлысының рухни-әдеби мұрасы» атты тарихи сағаты өтті. Тарихи кеш барысында кітапханашы «Жошы ұлысының» тарихы туралы кеңінен баяндап, Жошы ұлысы жайында негізгі 10 дерекке тоқталды. Сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары өз кезегінде тақырыпқа байланысты ойларын білдіріп, кітапханашымен бірге талқылады. Қазіргі мемлекетіміздің түп негізі сонау Жошы ұлысынан бастау алатынын жас ұрпаққа насихаттап, Қазақстан аумағында 1224 жылдан 1860 жылдарға дейін 6 ғасыр бойы билік жүргізгендігіне тоқталып, бұл Қазақстан тарихы үшін маңызды кезең, мемлекеттілігіміздің «алтын ғасыры» екендігін айтып өтті.

