«Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» атты намыс дода ұйымдастырылып өткізілді.

23 қыркүйек күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ата-бабамыздан қалған нақыл сөздер мен мақал – мәтелдерді насихаттау мақсатында «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» атты намыс дода ұйымдастырылып өткізілді.

Сайысқа Е.Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар «Ақылдылар» және «Білімділер» болып екі топқа бөлінді.Отан, жер, туған ел тақырыбында көбірек мақал-мәтел айтып, ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап берді. Ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлшегі,тіліміздің байлығы мен өткірлігін көрсететін мақал-мәтелдер сайысының

қорытындысы бойынша «Ақылдылар » тобы алға шығып жеңімпаз атанды.

Возможно, это изображение 18 человек и текст