“Балалық шаққа саяхат” атты тәрбие сағаты өткізілді.

18 қыркүйек күні Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Балалық шаққа саяхат” атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, кітаптарына шолу жасады.