“Қазақ күй өнерінің хас шебері” тақырыбында өнер кеші өтті.

17 қыркүйек күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Қазақ күй өнерінің хас шебері” тақырыбында өнер кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы білімгерлерге күй жанрында өзгеге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасы, орындаушылық дәстүрі бар күйші Әбдімомын Желдібаев қазақ музыка мәдениетінің тарихында күй мұрасын халық шығармашылығының биік шыңына шығуына өзіндік үлес қосқаны жайында маңызды ақпараттар беріп, тұлғаның қазақ өнерінің алтын қорына енген «Өмір-дастан», «Жетісу сазы», «Шабыт», «Көкшолақ», «Төле би толғауы», «Самғау», «Ерке сылқым» күйлері халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады.