«Жаңа ғасырдың-жаңа кітаптары» атты әдеби жарнама өткізілді.
11 қыркүйек күні Көктөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 24 жергілікті авторлардың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жаңа ғасырдың-жаңа кітаптары» атты әдеби жарнама өткізілді. Іс-шара барысында тұрақты оқырмандарға жазушы, журналист «Aq jol» газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлының «Алдамаңдаршы, адамдар» атты кітабына тоқталып, оқырмандарға «Аран», «Шаншудың балконы», «Соғыстан кейінгі сойқан», «Мал базардағы мұн» әңгімелерін түсіндірді.

