«Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында пікір алмасу өтті.
11 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев орта мектебінің 9,10 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында пікір алмасу өтті. Қазіргі таңда нашақорлыққа бой алдырғандардың басым көпшілігі жас буын өкілдері болғандықтан, жастардың ертеңіне қауіп төндіріп отырған есірткінің адам психологиясына, денсаулығына әсері туралы кітапханашы айтып өтті.
Мақсаты: жастардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету. Салауатты өмір салтына және имандылыққа баулу.

