«Ана тілі-білімнің кілті» атты тәрбие сағаты өтті.
4 қыркүйек күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілі-білімнің кілті» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапханашы тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақырды. Мақсаты: оқырмандарға өз ана тілінің қадыр-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдыретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

