«Ұлы дала данышпаны-Абай!» атты оқу марафоны өтті.
9 тамыз күні Қонаев ауылдық кітапхана және мәдениет үйі қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен
10 тамыз-Абай күніне орай «Ұлы дала данышпаны-Абай!» атты оқу марафоны өтті. Оқырмандар Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысып,кітапхана оқырмандары Адлет Б. «Мен бір жұмбақ адаммын» әнін орындап,»Жазғытұры» өлеңін орындап, Інжу С. Вайда Г. Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін нақышына келтіріп айтты. Шара соңында кітапханашы «Ұлы халықтың ұлы Абайы» тақырыбында кітап көрмесі мен кинолентаға шолу жасады.

