“Дін және менің отбасым” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

7 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің ұстаздары мен кіші қызметкерлерінің қатысуымен “Дін және менің отбасым” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімдігі “Дін проблемаларын зерттеу орталығы” КММ-нің Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторлары Боранқұл Нұрдәулет және Бақтияр Нұрдәулет шақырылды. Шара барысында теолог мамандары Қазақстан аумағында таралған діни ағымдар және теріс ықпалдағы діни ағымдар жайлы түсінік берді. Исламдағы отбасы, ер мен әйелдің сыйластығы, бала тәрбиесі, өзара сенім, ортақ сыр сақтау, бір-біріне рухани көмек беру, ата-ана, туған-туыстар алдындағы борышы секілді жан-жақты ақыл-кеңестер айтты.

Қатысушылар да қонақтарымызға сұрақтар қойып, өзара әртүрлі пікірлермен алмасты.

Нет описания фото.