«Ислам-экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбында имандылық сағаты өтті.

6 тамыз күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ислам-экстремизм мен лаңкестікке қарсы» тақырыбында имандылық сағаты өтті. Іс шараға Төле би мешітінің бас иманның орынбасары Жалалиев Ибрагим Мустафаұлы қатысып өз ойын ортаға салды.Оқырмандар діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы жайында сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мақсаты:оқырмандарға қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің ара қатынасы,қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу.

Нет описания фото.