«Салауатты өмір сүрсең-қызғалдақтай өнерсің» тақырыбында денсаулық сағаты өтті.

5 тамыз күні Қонаев ауылдық спорт кешенінде кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір сүрсең-қызғалдақтай өнерсің» тақырыбында денсаулық сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға салауатты өмір сүру дегеніміз-ол бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу, жеке бас гигиенасын сақтап, спортпен шұғылдану екенін түсіндіріп өтті.

Нет описания фото.