«Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» атты ақпараттық сағат өткізді.
18 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» атты ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында кітапханашы ұлттық құндылықтарымыз әр халықтың ғасырлар бойы өмір сүрген кезде атадан балаға мирас болып келе жатқан өнегелік ұстанымдары екендігі, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халық қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – тілі, дәстүрі, әдебиеті мен өнері жайлы кеңінен айтты. Қатысушылар да өз ойларын ортаға салды.

