«Оқылым – өмір айнасы» жазғы оқылым кеші өткізілді.
12 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ашық аспан аясында» атты кітапханалық жоба аясында «Оқылым – өмір айнасы» жазғы оқылым кеші өткізілді. Аталған шарада балалар әдебиеттерінен кітап сөресі ұйымдастырылып, кітапханашы кішкентай оқырмандарды кітаптармен таныстырып, кітап оқуға шақырды. Бұл жоба балалардың ой-өрісін кеңейтуге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына мол мүмкіндік береді.



