«Астана-ұлы дала Елордасы!» атты әдеби карта ұйымдастырылып өткізілді.
5 шілде күні Қонаев ауылдық кітапханасында Астана қаласының мерекесіне орай «Астана-ұлы дала Елордасы!» атты әдеби карта ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Республикамыздың астанасы – Астана Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы деп туған өлкеге, еліме деген сүйіспеншілік нұрын себу. Оқырмандардың бойына Арқа төсінде бой көтерген ертегідей аңыз қала Астана жайлы терең ойлап, кеңінен толғанатын, Отансүйгіштік сезімін ояту. Астана қаласының сәулеті мен дәулетіне, мәдениетіне құштар жандарды тәрбиелеу.

